1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

2023 жылғы 1 маусым күні Орал қаласының орталық алаңында «Балалардың игілігі үшін» деген атаумен мерекелік шара ұйымдастырылған болатын.

1925 жылы Швейцарияның Женева қаласында өткен Балалардың денсаулығы мен бейбіт өмір сүруі туралы әлемдік конференцияда атаулы күннің негізі қаланды десе де болады.

Екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан жетім қалған балалардың жайын 1949 жылы Парижде өткен әйелдер конгресінде көтерді. Осыған орай, келесі жылы 1950 жылы 1 маусымда алғаш рет мереке ұйымдастырады. Жаңа бастаманы көптеген елдер қолдап, осы күнді балалар мерекесіне айналдырды. Енді бір ресми деректерде Балалар күні алғаш рет               1955 жылдың қазан айында Женевадағы «Балалардың әл-ауқаты халықаралық бірлігі» ұйымының ықпалымен дүние жүзі бойынша аталып өтті делінеді.

1959 жылы БҰҰ ата-аналарды, мемлекеттік органдарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын және үкіметтерді, ҮЕҰ-ны балалардың құқықтары мен бостандықтарын мойындауға және сақтауға шақыратын баптардан тұратын Бала құқықтары туралы декларация қабылдады. Қазақстан бұл құжатты   1994 жылы ратификациялады. 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ 61 ел қол қойған Бала құқықтары туралы конвенцияны қабылдады.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – еліміздің мемлекеттік саясатының басымдықтарының бірі.

Балаларды қорғау күні – бұл балалар мерекесі ғана емес, сонымен қатар ол қоғамға баланың құқықтарын, денсаулығы мен әл-ауқатын қорғау қажеттілігін еске салады.

Шара барысында, балалар өрт және авариялық құтқару техникасы мен жабдықтарының көрмесімен танысты.

Құтқарушылар өз кезегінде атқарып жатқан жұмыстарының қаншалықты қызықты әрі қиын екенін көз алдарында тұрған құрал-саймандар және техника арқылы түсіндіріп, киімдерін уақытқа жарыстырып кигізіп, кейін әр балаға түрлі сыйлықтар таратып жатты.

Балалар ата-аналарымен өздері қызыққан техникаларға мініп қарап, құралдарды қолдарымен ұстап, суретке түсіп жатты.

Мерекеде немерелерімен қыдырып жүрген ата-әжелер де 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықттап, құтқарушылардың балаларды қорғаудағы атқарып жатқан рөліне тоқталып, үлкен Алғыстарын жеткізді.

 

 



 

 

Оқиға күні

01 маусым 2023

Оқиға түрі

Көрме