ӘСКЕРИ САЛАДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘРТЕБЕЛІ МАМАНЫ


Астана қаласында «Bilim-orkenieti» орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Қазақстан Республикасының мәртебелі маманы» атты патриоттық конкурсына БҚО Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник Темиржан Ермекович Танжанов қатысып, жеңімпаз атанды.
Конкурс және конференцияның мақсаты - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан жаңару және жаңғыру жолы» Жолдауын кеңінен насихаттау, ұзақ жыл бір қызметте жұмыс жасап, өз саласының дамуына бар күшін салып, аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлерді қоғамда кеңінен жариялау, жастарға үлгі ету.
Темиржан Ермекович «Қазақстан Республикасының мәртебелі маманы» ордені, «Қазақстан Республикасының мәртебелі маманы» энциклопедиясы, куәлік және Құрмет грамотасымен марапатталды.
Салтанатты марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәжіліс залында «Жаңа Қазақстан: Ұлттық құндылықтар мен бабалар аманаты» атты республикалық конференциясы барысында өтті.
25 мамыр 2023
г. Астана
Конкурс