Меню

Страницы

Статья

Халықты азаматтық қорғау саласында оқыту

Ағымдағы жылдың басынан облыс әкімі өкімінің орындалуына сәйкес
17 санат бойынша тыңдаушыларды оқыту бойынша жұмыс жүргізілді, онда 468 тыңдаушы оқытылды (2023 жылы 519 адамды оқыту жоспарланған, 2022 жылмен салыстырғанда 4% - ға көп), сондай – ақ «Азаматтық қорғау саласындағы ұлттық ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту орталығы» АҚ – да оқуға 54 адам жіберілді, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар-47 адам, ТЖД қызметкерлері-7 адам. (2023 жылы 66 адам жоспарланған ЖАО-56 адам, ТЖД-10 адам. 2022 жылмен салыстырғанда 24% - ға көп).

Ұлттық орталық негізінде 10 санат бойынша жоспарға сәйкес оқытудан өтті:

Анықтама:

«Қалалар мен аудандардың әкімдері, аппарат басшылары және олардың орынбасарлары» санаты бойынша 7 адам (2022 жылы-6 адам); (жыл соңына дейін
2 тыңдаушы қалды);

«Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиялардың (облыстардың, қалалар мен аудандардың) төрағалары және олардың орынбасарлары» санаты бойынша 5 адам (2022 жылы - 1 адам); (жыл соңына дейін 2 тыңдаушы қалды);

«Эвакуациялық (эвакуациялық қабылдау) комиссияларының (облыстардың, қалалар мен аудандардың) төрағалары және олардың орынбасарлары» санаты бойынша 2 адам (2022 жылы-4 адам); (жыл соңына дейін 1 тыңдаушы қалды);

«Басқарма басшылары және олардың орынбасарлары» санаты бойынша 12 адам (2022 жылы - 3 адам); (жыл соңына дейін 4 тыңдаушы қалды);

«Бөлім басшылары және олардың орынбасарлары» санаты бойынша 10 адам (2022 жылы - 9 адам); (жыл соңына дейін 2 тыңдаушы қалды);

«АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ЖАО мамандары» санаты бойынша
6 адам (2022 жылы – 4 адам); (жыл соңына дейін 1 тыңдаушы қалды);

«Азаматтық қорғау қызметінің бастықтары және олардың орынбасарлары» санаты бойынша 1 адам (2022 жылы – 4 адам);

«Азаматтық қорғау қызметтерінің (облыстардың ,қалалар мен аудандардың) мамандары» санаты бойынша 2 адам (2022 жылы - оқымаған);

«Жұмылдыру дайындығы бойынша бөлімшелердің басшылары және олардың орынбасарлары мен мамандары» санаты бойынша 1 адам (2022 жылы – 3 адам);

«Білім беру ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары» санаты бойынша 1 адам (2022 жылы-3 адам).

Сонымен қатар, «2023 жылға арналған облыстың жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушыларымен интерактивті сабақтар өткізу кестесіне» сәйкес 43618 оқушыны қамтитын 20 интерактивті сабақ өткізілді, сондай–ақ 13 367 оқу-жаттығу мен жаттығу өткізілді (кешенді оқу – жаттығулар-4,командалық - штабтық оқу-жаттығулар-14, командалық-штабтық жаттығулар-389, тактикалық-арнайы оқу – жаттығулар – 365, ұйымдардағы кешенді оқу - жаттығулар – 41, объектілік жаттығулар-410, штабтық жаттығулар-43, құралымдарды даярлау бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар-346, қауіпті өндірістік объектілердегі авариялық жағдайлар мен инциденттер бойынша жаттығулар – 2275, сейсмикалық жаттығулар - 3940, ықтимал су жайылу, су басу, су тасқыны болуы мүмкін аймақтарында жаттығулар – 1227, өрт болған жағдайда эвакуациялық жаттығулар – 4313.)

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеуге дайындық аясында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е. Т. Балтаев азаматтық қорғаныс айлығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. (Шығ: № 21-15-17-3/226-И 07.02.2023 ж.).

Дата публикации
08 ноября 2023
Дата обновления
08 ноября 2023
Тип
Полезная информация

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
Информация
13 ноября 2023
Пожарная безопасность в быту
Полезная информация
09 ноября 2023
Угарный газ - смертельно опасен!!!

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы