Жетісу облысының өртке қарсы қызметінің қызметкерлері қарттар үйінде өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді

Жетісу облысының өртке қарсы қызметінің қызметкерлері қарттар үйінде өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді

Жетісу облысының өртке қарсы қызмет қызметкерлері «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.

Оқу-жаттығу шартына сәйкес қарттар үйінде өрт оқиғасы орын алып, өрттің қою түтіні ғимарат ішіне таралып тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірді. Осыған байланысты объекті ішіндегі кезекші «101» нөмеріне – қаланың өрт сөндіру бөліміне хабарлады. Өртке қарсы қызмет оқиға орнына жедел жетті.

Өткізілген оқу-жаттығудың мақсаты өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері күш-құралдарының объектінің күзет қызметімен бірлескен жедел әрекетін пысықтау, адамдарды ережеге сәйкес эвакуациялау және құтқару болып табылады. Оқу-жаттығуға 40-адам, 10 бірлік техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша барлық жоспарланған іс-әрекеттер нақты және уақытында пысықталды.  

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі