Жетісу облысында «Өрт сөндіру автокөліктеріне жол бер» акциясы өтті

Өрт сөндірушілер көздейтін бұл акцияның басты мақсаты-жедел ден қою және төтенше жағдайларды ойдағыдай жою үшін жағдай жасау. Автожолдарда өрт сөндіру машиналарын жиі көруге болады, олар жарық сигналдары мен дыбыстық сигналдар қосылған кезде оқиға орнына асығады. Адамдардың өмірі мен денсаулығы, сондай-ақ мүліктің сақталуы олардың өрт орнына қаншалықты тез келетініне тікелей байланысты.
Мәселен, Жетісу облысы ТЖД Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері ЖПҚ және №1 МӨСБ қызметкерлерімен бірлесіп жол қозғалысы қатысушылармен профилактикалық әңгімелер өткізеді. Бұл акция тұрақты негізде өткізілетін болады.
Жетісу облысының ТЖ Департаменті автокөлік жүргізушілерінің назарын арнайы техниканың жүруіне байланысты жол қозғалысы ережелеріне аударады:
- көрсетілген арнайы сигналдары бар көлік құралы жақындаған кезде жүргізушілер кедергісіз өтуді қамтамасыз ету үшін оған жол беруге міндетті;
– көрсетілген көлік құралын басып озуға тыйым салынады;
– көк түсті жыпылықтайтын маяк қосылып тұрған көлікке жақындағанда, жүргізуші қажет болған жағдайда дереу тоқтай алу үшін жылдамдықты төмендетуі керек;
– автотұрақ немесе тұрақ үшін орынды таңдағанда, арнайы техниканың кіруі үшін бос орын қалдыруды ұмытпаңыз.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі