Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту

"Қазгидромет" РМК 2023 жылғы 9 маусымындағы дауылды ескертуінің нкгізінде 10 маусым күні Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнауы күтіледі. Солтүстік-Шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Сондай-ақ, 35 градусқа дейінгі қатты ыстық болады деп күтілуде.Сонымен қатар, өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Сіздің аймағыңыздағы дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпарат туралы жедел ақпарат алу үшін Сіз "Дармен" тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі