Дені сау денеде - сау рух

Өрт сөндірушілердің жұмысы ауыр физикалық белсенділікпен байланысты, сондықтан ол төзімділікті және шыныменде қатаң мінезді қажет етеді. Сол себепті, өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға дене шынықтыру дайындығы бойынша жоғары талаптар қойылады.
«Өрт сөндіру кроссфиті» бойынша жарыстар қызметтік объективті бағалау, ынталандыру, кәсібилік және ынталандыру құралы болып табылады. Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» бөлімшелерінің жеке құрамының 10 командасы спорттық жарыстарға қатысып, өздерінің физикалық қасиеттерін көрсетті. Кіші, орта және аға басшы құрамнан шыққан 20 қызметкер шәйнекті және штанганы көтеру, «Орал» автомобиль шинасын айналдыру, автомобиль шинасының зілбалтаның соққылармен жылжыту, өрт жеңін домалату және автомобиль шинасын сүйреу сияқты 6 кешенді кезең бойынша бақ сынасты. Қарқынды физикалық кешендерден басқа, жарыстың барлық кезеңдерінде өрт сөндіру жабдықтары және киім-кешектермен қатысқаны эстафеталарды күрделендірді. Бірақ тапсырманы орындаудың барлық қиындықтарына қарамастан, қатысушылар қойылған міндеттерді өте жақсы орындады және жеңімпаздар анықталып жақсы нәтижелер көрсетті. Бірінші оырға ие болған Көксу ауданы Балпық би ауылының 4-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысына азаматтық қорғаудың кіші сержанты Сапаш Нұржан Қайратұлына бұйырды. Екінші орынды Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылының 13-ӨСБ жүргізушісі азаматтық қорғаудың аға сержанты Бейсенбаев Ербол Ермекұлы, ал үшінші орынды Сарқан ауданы Сарқан қаласының 12-ӨСБ өрт сөндірушісі азаматтық қорғаудың кіші сержанты Абзалбек Еламан Аманұлы иеленді.
Бұл эстафета бізге Алматы облысы ТЖД-дан берілді. Өз кезегінде «Өрт сөндіру кроссфиті» біз Шығыс Қазақстан облысының ТЖД-на тапсырамыз.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі