Дала және орман өрттерінің пайда болуы

Дала және орман өрттерінің пайда болуы

Ыстық - жазғы кезеңнің басталуымен барлық адамдар мүмкіндігінше демалу үшін табиғатқа баруға тырысады. Біз, Сізге табиғатта демалу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек екендігін еске салғымыз келеді.

          Дала немесе орман өрттерінің жиі кездесетін себептерінің бірі отты абайсызда қолдану болып табылады. Ең жиі өрттер ересектердің қарапайым немқұрайдылығынан, автокөліктің терезелерінен сөндірілмеген темекі немесе қараусыз қалған от тастап кетуден туындайды. Өрт үлкен зиян келтіреді, кейде жүздеген мың теңге шығын есептеледі, бірақ адам өмірі баға жетпес және ешқашан қалпына келтірілмейді.

          Табиғатта демалу кезінде ағаштардан және бұталардан алыс от жағыңыз. От жағу үшін мүмкіндігінше құрғақ бұтақтар мен шөптерді қолданыңыз.

Айта кетсек, көптеген адамдар табиғатты қорғамайды және ағаштардың жасыл бұтақтарымен от жағады немесе демалғаннан кейін үйге кетерде шашыраңқы бөтелкелер, пакеттер, қағаз және басқа да қоқыстар, сөндірілмеген өрттерді тастап кетеді. Сөндірілмеген от немесе шыны бөтелке өрт себебі болуы мүмкін. Демалыс орнынан кету кезінде, оттын үстіне су құйып, үстіне топырақ лақтырып тастау қажет. Алдымен қоқыстарды жинап, өртеңіздер. Шыны, пластикалық бөтелкелер, консервілерді өзіңізбен бірге алып кету қажет немесе жер астына көміп кету керек. Алайда, көптеген адамдар табиғатта демалған кезде, осы қарапайым әрекеттерді істей алмайды.

          Сондай-ақ, Қаратал ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін егістіктерде және суару орындарында құрғақ шөптер мен қамысты жағуды бақылау қажеттілігін сұраймыз.

Құрметті тұрғындар! Табиғатта демалыс кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар! Өрт немесе жасырын жану белгілері (түтін, күйік иісі) анықталған кезде, дереу "101" өртке қарсы қызмет телефонына қоңырау шалыңыз. Мүмкін Сіздің уақтылы қоңырауыңыз үлкен өрттің алдын алады, біреудің өмірін сақтайды, алайда,  сіз жалған қоңырау шалған болсаңыз  ұмытпаңыз, әкімшілік және тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін.

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі