Дауылды алдын ала ескерту

"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 18 тамыздағы дауылды ескертуі негізінде, ағымдағы жылдың 19 тамызында Жетісу облысында 20-25 м/с жылдамдықпен солтүстік жел соғады, екпіні 28 м/с жетеді.
Жетісу облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және келесі сақтық шараларын сақтауға шақырады:
- қатты жел болған кезде үйде болыңыз, үйден шықпаңыз;
- үйлердің қабырғаларына, қоғамдық көлік аялдамаларына, жарнама тақталарына, ағаштардың астына, салынып бітпеген ғимараттардың жанына тығылуға болмайды;
- электр беру желілерінің астында тұруға және үзілген электрсымдарына жақындауға қатаң тыйым салынады;
- балаларды ерекше бақылау қажет және оларды қараусыз қалдыруға болмайды;
- барлық есіктер мен терезелерді жабыңыз;
- электр, газ және суды өшіріңіз;
- суға шомылуға болмайды.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі