Әрқашан озық...

Жамбыл облысы аумағында болып жатқан барлық ірі өрттер мен түрлі төтенше жағдайларға көп жылдар бойы, ол алғашқылардың бірі болып келеді. Бүгін біз Жамбыл облысының бас өрт сөндірушілердің бірі, Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Мансур Закирович Шайкрамов туралы айтатын боламыз.
Мансур Закирович өзінің 27 жылдық еңбек өтілі уақытында, көптеген өмір құтқарып, сондай-ақ өртті тез жою, азаматтардың мүлкін құтқару және материалдық залалды болдырмау үшін шешімдер қабылдады. Оған қарап, қызметкерлермен жұмыс істеу оңай деп ойлайсың. Ол өзіне сенімді, ынталы, сонымен қатар ойластырылған, мақсаттар мен міндеттерді қалай дұрыс анықтау керектігін, оларға қол жеткізу тәсілдерін, күштер мен құралдарды ұтымды қою жолдарын біледі. Мұндай адамдар өрт сөндіру қызметін күннен күнге дамытып келеді. Мансур Закирович өрт сөндіру кезінде немесе түрлі төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде өзінің кәсіби шеберлігі мен батылдығын бірнеше рет көрсете білді. Ол әрдайым өрт сөндірушілермен қатар, өзін аямай жұмыс істейді.
Мансур Закирович өзін көрсеткен соңғы өрттердің бірі ағымдағы жылдың 01 шілдесінде Тараз қаласындағы резеңке шиналар қоймасындағы өрт болды. "101" телефонына облыс орталығының Мамбет батыр көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің күштері мен құралдары жіберілді. Бөлімше шақыру орнына келген соң, жалпы көлемі 250 шаршы метр қойманың жалынды жануы анықталды. Өрттің өнеркәсіптік аймақтың басқа объектілеріне өту қаупі туындады, бұл адамдардың қаза болуы мен жарақаттануына, сондай-ақ үлкен материалдық шығынға әкеп соқтыруы мүмкін екені де анықталды. Оқиға туралы хабарлама алған, азаматтық қорғау полковнигі М.Шайкрамов өрт орнына келіп, өрт сөндіру бойынша жедел штабтың жұмысын ұйымдастырып, жауынгерлік учаскенің жұмысын басқарды. Өрттің, осы түріне тән, қатты түтінге қарамастан ГТҚҚ буынын жеке басқара отырып, су оқпандарының көмегімен өрт сөндіру құралдарын беруді қамтамасыз етті. Мансур Закировичтің батырлық және жедел іс-қимылдарының арқасында, жақын орналасқан қойма бөлмелеріне және өнеркәсіптік аймақтың, шаруашылық нысандарына оттың таралуын тоқтатуға, сонымен қатар өртті жоюға мүмкіндік алды. Тыныс алуға жарамсыз ортадан шыққаннан кейін М.Шайкрамов күштер мен құралдардың іс-қимылдарын басқару бойынша жұмысты жалғастырды. Сонымен қатар, өрт орнында қала тұрғындары арасында үрей мен жағымсыз пікірлерді болдырмау мақсатында БАҚ және әлеуметтік желілерде оқиға бойынша түсініктеме беру ұйымдастырылды. Нәтижесінде Тараз қаласының тұрғындары өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне жоғары баға беріп, өрт сөндірушілердің атына үлкен алғыс білдірді.