Жамбыл облысында Құтқарушылар күні мен Республика күні аталып өтті

Сахнадағы үлкен экранда Қазақстан туы мен ер адамның бейнесі, ал алдында музыкалық ансамбль мен жүргізушілер.

Жамбыл облысында Құтқарушылар күні мен Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлері, сала ардагерлері және шақырылған қонақтар қатысты. Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан құтқарушылардың рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды.

Азаматтық қорғау қызметкерлерін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен ТЖД бастығы, полковник Арман Токанов құттықтады.

Адал қызметі, жоғары кәсібилігі және халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін бірқатар ТЖД қызметкерлері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, сондай-ақ арнайы атақтармен марапатталды.

Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

@112jambyl

Жамбыл облысы ТЖД