Күлкі мен қуанышқа толы тренинг

Жарияланған күні: 29 мамыр 2025

    1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлерінің бүлдіршіндеріне арнап ерекше ойын-тренинг ұйымдастырылды.
    Іс-шараны бас маман-психолог Елгембаева Ғалия жүргізіп, балалармен қызықты ойындар мен жаттығулар өткізді.
     Балалар ойын барысында өздерін еркін сезініп, белсенділік танытты, ал олардың шат күлкісі мен жарқын көңіл күйі – шараның басты жетістігі болды.
Мереке балалар үшін есте қаларлық көңілді сәттерге толы болды!

Жамбыл облысы ТЖД ИЖ және СКТ