Жамбыл облысының қызметкерлері ҰШҚ пайдалану бойынша оқытудан өтті

Жарияланған күні: 26 мамыр 2025

     Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰШҚ) пайдалану бойынша сабақ өткізілді.

     Іс-шараның мақсаты – төтенше жағдайларды жою және құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде заманауи технологияларды меңгеру арқылы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

     Оқыту барысында жеке құрам теориялық білім алып, тәжірибелік дағдыларды меңгерді. Атап айтқанда, пайдалы жүктемелермен жұмыс істеу, жабдықты баптау, қауіпсіздік техникасы және ұшу алдындағы дайындық мәселелері қамтылды. Сабақтар бөлімше қару-жарағындағы заманауи ҰШҚ үлгілерімен өткізілді.

    Ұшқышсыз технологияларды игеру құтқарушыларға күрделі жағдайларда жедел бағдар алып, шешім қабылдауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде тапсырмаларды орындау тиімділігі мен қауіпсіздігін арттырады

Жамбыл облысы ТЖД ИЖ және СК тобы