Жамбыл облысы ТЖД әйелдер ұжымы әріптестерін Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Жарияланған күні: 06 мамыр 2025

    Бүгін Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінде күн ерекше мерекелік көңіл-күймен басталды. Әйелдер ұжымы өздерінің әріптес-ер азаматтарын Отан қорғаушы күнімен құттықтап, көтеріңкі көңіл күй, алғыс сөздер мен шын жүректен шыққан тілектерін арнады.

    Қиындығы мол, үлкен жауапкершілік пен әрдайым дайындықты талап ететін қызметке қарамастан, бұл күні Департамент ғимаратында ерекше жылы әрі достық атмосфера орнады. Қызметкерлерге әйел әріптестерінен шынайы алғыс пен жүрекжарды құттықтаулар жолданды.    

      Мұндай сәттер ұжымдық рухты нығайтып, өзара құрмет пен қолдауға негізделген ерекше орта қалыптастырады. Отан қорғаушы күні – бұл жәй ғана мереке емес, бұл – азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін аянбай қызмет етіп жүрген жандарға алғыс айту күні.

 

Жамбыл облысы ТЖД ИЖ және СКТ