Зейнеттік демалысқа шықты

Жарияланған күні: 27 ақпан 2025

Өрт сөндіруші мамандығы – тек қарапайым қызмет емес, бұл – өмірлік ұстаным. Аталған мамандық иелері күн сайын батылдық, төзімділік және жанқиярлық ерлік көрсетіп, адамдардың өмірін құтқару үшін өз өмірлерін тәуекелге тігеді. Олардың қатарында – азаматтық қорғау майоры Абитбеков Айдос Боқанұлы да бар. Ол өзінің мағыналы өмірінің көп бөлігін азаматтық қорғау органына арнаған жан.

 

2006 жылы саладағы қызмет жолын бастаған ол түрлі лауазымдарда қызмет атқарып, шеберлігін шыңдады және жас мамандарға өзінің білімі мен тәжірибесін үйретті. Соңғы жылдары Т. Рысқұлов ауданы №10 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарып, білікті басшы және сенімді тәлімгер ретінде көпке танылды. Оның кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі және қызметке деген адалдығын кеудесінде жарқыраған медальдар айғақтай түседі.

 

Құрметпен зейнеттік демалысқа шығарып салу рәсімі күні  Айдоспен бірге жұмыс атқарған барлық әріптестері жиналып, оған ұзақ жылдарда атқарған адал еңбегі үшін шынайы алғыстарын білдірді. Жылы әрі достық сипаттағы ізгі тілектер айтылып, естелік сыйлықтар табысталды. Салтанатты рәсім әдетінше өрт сөндірушілердің дәстүріне ұласты. Бұл өз ісіне адалдық пен ұжымдық рухтың шынайы белгісі болып табылады.

Айдос Боқанұлы! Сізді ұжымның атынан зейнет демасылына шыққан қуанышты сәтіңізбен  құттықтаймыз! Жаңа өмір белесіңіз сәттілікке толып, мықты денсаулыққа, отбасыңызға бақ, береке тілейміз!

 Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі