Тараздық өрт сөндіруші-құтқарушылар кәсіби шеберліктерін арттыруда

Жарияланған күні: 27 ақпан 2025

      Бүгін Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мен №20 өрт сөндіру бөлімдерінің газ-түтіннен қорғаушыларымен бекітілген кестеге сәйкес жылу-түтін камерасында тәжірибелік жаттығу өткізілді.
     Сабақ барысында газ-түтіннен қорғаушылардың тыныс алуға жарамсыз ортадағы жұмысының барлық аспектілері қамтылды. Құтқарушылар тәжірибелік тұрғыдан өз шеберліктерін шыңдады. Жылу-түтін камерасында шынайы өмірдегі өрт пен төтенше жағдайларға барынша жақын ойластырылып өткізілген сабақ құтқарушылар үшін қызықты әрі пайдалы болғандығы белгілі. Мұндағы негізгі мақсат өрт кезінде жағдайды дұрыс бағалап, сабырлық сақтай отырып адамдарды эвакуациялау немесе көмек көрсету дағдыларын одан әрі жетілдіру. Аталған жаттығулар қауіпсіздікті сақтау үшін өте маңызды және нақты жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үлкен мүмкіндік береді. Мұндай бағыттағы жаттығулар облыстың барлық бөлімшелерінде одан әрі жалғасуда.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі