«Шақпақ» асуында қар құрсауында қалғанадамдарды құтқару бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді
Жуалы ауданында командалық – штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде 2024 жылғы 9 қазанда қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды жүргізу бойынша кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің бірлескен іс-қимылдары өткізілді.
Жалпы болжамды оқиға бойынша, метеорологиялық жағдайлардың күрт нашарлауы нәтижесінде (қалың қар, күшті жел екпіні 28 м/с дейін жетуі, көріну нөлге жуық) «Алматы – Ташкент» Республикалық маңызы бар автожол бойынша автомобиль қатынасы тоқтатылды. «Шақпақ» асуында нашар көріну мен көктайғақ салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алып, қар құрсауында жолаушылары бар қалааралық автобус қалып қояды және зардап шеккендер бар.
Төтенше жағдай орын алған жерге Төтенше жағдайлар департаменті мен Жуалы аудандық жедел әрекет ету тобы, жедел медициналық жәрдем машинасы, сондай-ақ адамдарды эвакуациялауға арналған КУНГ, апаттардан құтқару құрал саймандары 2 техника жіберілді. Қар үйінділерін тазарту үшін «КАЖсервис» ЖШС-нің 3 техникасы жұмылдырылады.
Іздестіру-құтқару жұмыстарымен Жуалы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп радиобайланыс бойынша тұрақты өзара іс-қимыл жағдайында «Шақпақ» таулы аймағының кең аумағы қамтылды. Жыралар, ойпаттар, жартасты шығулар, бұталардың өсетін жерлері және таулы жерлерде нөлдік көріну жағдайында адамның құлауы мүмкін жерлер зерттелді.
Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында гипотермия белгілері бар «Амансай» ауылының тұрғыны кинологиялық есеппен табылып «ТРЭКОЛ» автокөлігімен эвакуацияланды және жедел медициналық қызмет қызметкерлеріне берілді.
Іске қосылған құрамалардың жедел бірлескен іс-қимылдарының нәтижесінде төтенше жағдайдың туындау қаупі жойылды.
Тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілетін жерде барлығы 70 адам және 24 бірлік техника жұмылдырылды.
