Жуалы ауданындағы өрт туралы ақпарат
2023 жылғы 29 қыркүйекте сағат 20:48-де Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, Үсенов көшесінде орналасқан екі қабатты «Қаракөз» мейрамханасында өрт оқиғасы болды. Қызыл жалын бірінші және екінші қабаттағы кіші залды, асхананы және ғимараттың шатырын шарпыды, жалпы аумағы 400 шаршы метрді құрады (ғимараттың жалпы аумағы 1500 шаршы метр). ТЖД күшімен 250 адам эвакуацияланды. Сағат 21:57-де оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Өрт 22:03-те оқшауланып, 23:34-те толығымен жойылды. Өртті РММ «ӨСжАҚЖҚ» 52 адам және 12 бірлік техникамен жұмылдырылды.
Өрт салдарынан төрт мейрамхана қызметкері аудандық ауруханаға жүгінді: жану өнімдерінен бөлінген иістен жеңіл уланған үш даяшы тексеруден кейін үйіне жіберілді, сондай-ақ денесінің 2%-ын 1-2 дәрежелі күйік шалған бір жұмысшы хирургия бөліміне жатқызылды.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі