Талас ауданында «18 тамыз Спорт күніне арналған» кіші футболдан жарыс өтті
Ағымдағы жылы тамыз айының 7-ші жұлдызы күні Қаратау қаласында орналасқан №32 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің футбол алаңшасында «18 тамыз Спорт күніне орай» аудандық азаматтық қорғау қызметкерлерінің арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастрылды. Шараның ашылу салтанатында Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ғ.Сыздықов және Аудандық азаматтық қорғау қызметінің ардагері А.Рысқұлбеков сөз сөйледі. 18 тамыз күні Спорт күніне ұйымдастрылған кіші футболға қатысқан аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі және Қаратау қалалық №12 Өрт сөндіру бөлімі, Ақкөл ауылдық №13 өрт бекеті, Қаратау қалалық Жедел құтқару жасағының құрама командаларына жеке номинациялар бойынша жекелей грамота, сувенирлармен марапатталды.
Талас ауданы ТЖБ
