Балалардың биіктіктен құлауының алдын алу туралы
Ағымдағы жылы Жамбыл облысының аумағында кәмелетке толмаған балалардың биіктіктен құлау 6 оқиғасы орын алып, онда 2 жастан 17 жас аралықтағы 5 бала түрлі жарақат алып, 1 бала қаза болды.
Балалардың биіктіктен құлау фактілерін алдын алу мақсатында, 12-15 шілде аралығында жергілікті полиция қызметі, білім басқармасы өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдар және волонтерлермен бірлесіп, демалыс және балалардың ойын сауық орындарында профилактикалық іс-шаралар жүргізілді, онда балалардың биіктіктен құлау оқиғаларының статистикасын жеткізе отырып, қайғылы жағдайларға жол бермеу бойынша балалардың қауіпсіздігі туралы ата-аналарға арналған нұсқаулықтар жеткізіліп, жаднамалар таратылды.
Құрметті ересектер балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!
Жамбыл облысы ТЖД ТЖАБ