Дауылдық ескерту

«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 26 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күтіледі. Түнде облыс бойынша 3-8 градус үсік күтіледі.

Жоғары өрт қаупі облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде сақталады, облыстың шығысында күтіледі.

Тараз қ.: 26 қазанда түнде 6-8 градус үсік күтіледі.

Жарияланған күні

25 қазан 2026

Жаңарту күні

25 қазан 2026

Қызмет бағыты