Дауылдық ескерту
Жарияланған күні: 23 қазан 2026
Жаңарту күні: 23 қазан 2026
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 24 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде облыс бойынша 1-6 градус үсік күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 24 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Түнде 2-4 градус үсік күтіледі.
Жарияланған күні
23 қазан 2026
Жаңарту күні
23 қазан 2026
Түрі
Қызмет бағыты