Дауылды ескерту

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 31 қазанда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қар, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын - жаңбыр, қар, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Өскемен қ. түнде және таңертең қар, көктайғақ күтіледі.

Жарияланған күні

30 қазан 2026

Жаңарту күні

30 қазан 2026