Азаматтық қорғау органдарындағы қызметі

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау органдарына қызметке өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері лауазымына орналасуға азаматтарды шақырады.

Лауазымдық айлықақы: еңбек сіңірген жылдарына байланысты 218 021 теңгеден 305 446 теңгеге дейін.

Міндетті талап: «В» және «С» санаты бойынша көлік құралдарын жүргізуге құқығы бар жүргізуші куәлігі міндетті түрде болуы.

Біліктілік талаптары:

- орта білімнен төмен емес білімінің болуы;

- жасы 35-тен аспауы;

Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

Жарияланған күні

09 қараша 2026 13:16

Жаңарту күні

09 қараша 2026