ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына қалай түсуге болады
ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Көкшетау қаласындағы М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсуге, ниет білдірген үміткерлерден өтініштерін қабылдау басталды.
Осы оқу орнының күндізгі оқу нысанына орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары (ұлдар мен қыздар) қабылданады.
Академияда: Өрт қауіпсіздігі
Төтенше жағдайларда қорғау
Өрт сөндіру және авариялық құтқару ісі
Азаматтық қорғаныс командалық тактикалық мамандықтары бойынша оқытады.
Академияға қабылдау медициналық, физикалық және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу нәтижелерін ескере отырып, ұлттық біріңғай тестлеу сертификатының балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргізіледі.
32
06 қараша 2026 16:23
06 қараша 2026