Өнеркәсіптік қауіпсіздік
Жаңалықтар
Барлық жаңалықЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруШығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі-Департамент) сіздің сұрауыңызды қарап, мынаны хабарлайды. "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 77-бабына сәйкес Департамент өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады. Заңның 1-бабының 32-1) тармақшасында айқындалған қауіпті техникалық құрылғылар есепке қоюға және есептен шығаруға жатады.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті жабдықтарды (аппараттарды, сыйымдылықтарды және сол сияқтыларды) ондағы өндірістік өнімдерден тазарту және жөндеу алдында залалсыздандыру актілерінің болуын талап етудің заңдылығына қатысты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерулер кезінде мыналарды түсіндіреді.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 143-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу тексеру парақтарында белгіленген талаптарға жатады. Тексеру парағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын міндетті талаптардың тізбесін қамтиды.
Осыған байланысты, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормалардың сақталуы бойынша тексерулер жүргізу кезінде жоғарыда аталған актілердің болуы талабы заңды болып табылады.


