Облыс өңірлеріндегі су тасқыны жағдайы туралы.
Бүгінгі таңда облыс бойынша барлық аудандар мен қалаларда ТЖ қызметкерлері су тасқынының алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Осылайша, Ұлытау облысы Қаражал қаласының ТЖ бөлімінің қызметкерлері қала әкімімен бірлесіп ұзындығы 0-28 шақырым Қаражал-Атасу автожолының жөнделіп жатқан учаскесінің толып кету қаупі бар аймақтарын қарады. Жергілікті атқарушы орган мердігерге көктемгі кезеңде су тасқынының алдын алу бойынша тиісті тапсырмалар берді