АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

 

  1. Азаматтарды жеке қабылдау Ұлытау облысы төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) құзыретіне кіретін, жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерін қарау және тұрғындардың маңызды проблемаларын шешуде басшылардың жауапкершілігін арттыру, оның ішінде азаматтардың өтініштерін жедел қарау мақсатында жүзеге асырылады.
  2. Департамент бастығы бекіткен кестеге сәйкес, Басқарманың орын-жайларында бастық айына кемінде бір рет және оның орынбасарлары апта сайын азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді.

Аталған график танысу үшін азаматтарға қолжетімді жерде Департаментің 1-інші қабатында вестибюлинде орналастырылады.

  1. Азаматтарды қабылдау белгіленген және жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізілген күндері мен сағаттарында, бекітілген азамматтарды жеке қабылдау графигіне (бұдан әрі - график) сәйкес Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Тарадая көшесі, 6 мекен-жайы бойынша жұмыс орны бойынша жүзеге асырылады.
  2. Басқарма басшылығының қабылдауына алдын ала жазуды және ұйымдастыруды құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өз құзыреті шегінде статистикалық қызметті жүзеге асыратын, мемлекеттік орган белгілеген тәртіпте еспке алатын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты ұйымдастыруға жауапты уәкілетті қызметкер-маман жүзеге асырады. Қабылдауға жазылу азаматтар жеке немесе телефон арқылы жүгінген кезде, жұмыс күндері сағат 9.00 бастап 18.00 дейін (демалыс күндерінен және мереке күндерінен басқа) жүргізіледі. Қабылдау орны және уақыты азаматқа ауызша түрде хабарланады.
  3. Департамент басшылығы қабылдау күні болмаған жағдайда (іс-сапар, ауырып қалған және басқа да себептер), азаматтарды қабылдау басқа бос қабылдау күніне ауыстырылады, ол туралы қабылдауға жазылған азаматқа алдын ала хабарланады.
  4. Жеке қабылдау кезінде азамат жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
  5. Жеке қабылдауды жүргізу барысында жеке қабылдауды есепке алу карточкасы толтырылады, оған жүгінген азамат туралы мәліметтер және ауызша өтініштің мазмұны жазылады.
  6. Жеке қабылдау барысында азамат өзінің ауызша өтінішін жазбаша түрде баяндауға құқығы бар.
  7. Егер ауызша өтініште баяндалған фактілер және жағдайлар анық болған және қосымша тексерісті қажет етпеген жағдайда қажетті түсініктемелер және азаматтардың өтініштеріне жауап жеке қабылдау барысында ауызша беріледі, ол туралы азаматтың келісімі бойынша жеке қабылдау карточкасына жазылады.
  8. Егер өтініш лауазымды тұлға жеке қабылдау барысында шешілмеген жағдайда, жазбаша түрде баяндалып онымен жазбаша өтініш ретінде жұмыс жүргізіледі және заңнамамен белгіленген мерзімдерде өтініште қойылған мәселелер бойынша жазбаша жауап беріледі. Қабылдау аяқталғаннан кейін азаматқа қабылданған шешім, сонымен қатар өтінішті қарау кімге тапсырылатыны және қабылданған шаралар туралы ақпарат беріледі.
  9. Жеке қабылдауда азаматтардың өтініші бойынша қолданылған шаралар туралы ақпарат (материалдар), жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаға танысу үшін жолданады. Лауазымды тұлға материалдарды қарағаннан кейін, ол бойынша қосымша тапсырмалар берілмесе, олар «іске» тігіледі және бақылаудан алынады.
  10. Егер өтініште Департамент құзыретіне кірмейтін мәселелер болса азаматқа қайда, қандай тәртіппен жүгіну түсіндіріледі.
  11. Азаматтарды жеке қабылдау нәтижелері азаматтарды жеке қабылдау журналына жазылады, оны жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды жүзеге асыратын және жауапты маман толтырады.

 

 

 

Дата публикации
09 июля 2025