Меню

Страницы

Статья

Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау

Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау орталық және жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғаныс бойынша санатталған ұйымдардың, сондай-ақ лауазымды адамдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген азаматтық қорғаныс жөніндегі талаптар мен іс-шараларды орындауын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының халқын, объектілерін және аумағын қорғау мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүргізеді. Алдын ала: азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлеу, басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерін құру және дамыту және оларды пайдалануға әзірлікте ұстап тұру, азаматтық қорғау күштерін құру, жасақтау, жарақтандыру және әзірлікте ұстап тұру, азаматтық қорғаудың басқару органдарын даярлау және халықты қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану жағдайларында қорғау тәсілдері мен іс-қимылдарына оқыту, Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары қорын салу және жинақтау, оларды жұмыс істеуге әзірлікте ұстау, азаматтық қорғаныс мүлкін құру, жинақтау және уақытылы жаңарту, эвакуациялық іс-шараларды жоспарлау.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабына сәйкес Азаматтық қорғаныс басқармасы алдын алу - профилактикалық сипаттағы профилактикалық бақылау жүргізеді. Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан бұзушылықтарды жою туралы нұсқама ұсынылады. Бұл кәсіпкерлер үшін Кодекстің оңтайлы тұсы. Берілген нұсқамаларға сәйкес жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою үшін уақыт беріледі.

Өткен 2021 жылдың қорытындысы бойынша 9 объектіде азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын бұзудың 286 жағдайы анықталды. Бақылаудағы ұйымдардың көптеген басшылары анықталған бұзушылықтарды жойып, мерзімінде барлық растайтын құжаттарды ұсынды. Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес Заң баптарының талаптарын үнемі елемейтін бұзушыларға қатысты жалпы сомасы 4 200 480 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы шығарылды.

Азаматтық қорғаныс бойынша Мемлекеттің дайындығы алдын ала жүзеге асырылатынын атап өткім келеді. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындамау немесе толық орындамау азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің әлсіреуіне әкеледі.

 

 

Түркістан облысы ТЖД

Азаматтық қорғаныс

басқармасының аға офицері

капитан Бекжан Құрмаш

 

Дата публикации
29 декабря 2022
Дата обновления
29 декабря 2022
Тип
Доклад

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
Доклад
29 декабря 2022
Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау
Экстренная информация
30 апреля 2021
Штормовое предупреждение

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы