Азаматтық қорғау органдарының құрылған күніне 25 жыл: СҚО ТЖД техника мен өрт – техникалық қару-жарақтарына байқау өткізілді

Азаматтық қорғау органдарының құрылған күніне 25 жыл: СҚО ТЖД  техника мен өрт – техникалық қару-жарақтарына  байқау өткізілді

        Азаматтық қорғау органдарының құрылған күніне 25 жыл: СҚО ТЖД  техника мен өрт – техникалық қару-жарақтарына  байқау өткізілді 

        16 қазанда Петропавлда, қалалық әкімдік алдындағы алаңда СҚО ТЖ департаментінің техникасы мен өрт-техникалық қару-жарағы қаралды. Азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 25 жыл толуына арналған мерекелік шара Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен өтті. Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камаловпен бірге өңір басшысы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың арнайы автокөлігімен, олардың мақсатымен, жеке құрамның ТЖ жоюға дайындығымен танысты.

         Байқау барысында Рамиль Камалов СҚО ТЖД жеке құрамы өзінің кәсіби мерекесін жауынгерлік көңіл-күйде, кез келген уақытта адамдарға көмекке келуге дайын екенін атап өтті.

         «Жыл басынан бері Департаменттің жедел қызметтері 2000 - ға жуық шығу жасады, 200-ден астам адам құтқарылды, ТЖ аймақтарынан 1100-ден астам адам эвакуацияланды, зардап шеккен 71 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді», - деп атап өтті Рамиль Фаткулович. Ол жергілікті атқарушы органдардың Департаменттің қару-жарағында тұрған техника мен жабдықтарды жаңартуға көмек көрсететініне назар аударды. Тек 2019 жылы ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелеріне 11 бірлік өрт және құтқару техникасы, сондай-ақ жабдықтар мен жарақтар берілді.

         Облыс әкіміне ағымдағы жылы СҚО ТЖД үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған өтімділігі жоғары «Нива» 10 автокөлігі, пневмокаркас шатырлары мен арнайы жабдықтар көрсетілді. Құмар Ақсақалов бұл техниканы, мүлік пен аппаратураны пайдалану құтқарушылардың ТЖ аймағына келу уақытын едәуір қысқартатынын, авариялық-құтқару жұмыстарын тиімді жүргізуді қамтамасыз ететінін айтты.

         Құмар Іргебайұлы құтқарушылар мен өрт сөндірушілер өздерінің қажырлы еңбегімен, батылдығымен, кез келген сәтте төтенше жағдайларда адамдарға көмекке келуге дайындығымен халықтың лайықты құрметі мен беделіне ие болғанын атап өтті. Ол Департаменттің жеке ұжымына халықты қорғаудың игі ісінде одан әрі табыстар тілеп, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері алдағы уақытта да Қазақстан халқының игілігі үшін өзінің қызметтік борышын үлгілі орындау үшін барлық күш-жігерін, іскерлігі мен дағдыларын беретініне сенім білдірді.

СҚО ТЖ департаментінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының бас маманы  Евгений Журавлев

 СҚО ТЖ департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ баспасөз хатшысы Аман Әуесханов