Күйген жерде жалғыз: СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері еліктің өліміне жол бермеді
Өмірінде кем дегенде бір рет еліктің айқайын естіген адам оны ешқашан ұмытпайды. Қатты ауырсынуға толы, құлақтан өтер айқайы, ол ұзақ уақыт жадында қалады... Тіпті Ақжар ауданының даласында құрғақ шөптің жануын сөндіріп жүрген Петропавл қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілерінің өмірмен арашалауға ұқсайтын дыбыстардан жүректері жиырылды.
«Біз тағы бір өрт ошағын сөндіруге асығып бара жатқанда елікті көрдік. Ол күйдірілген жерде дәрменсіз жатты, бірақ денесінде күйік болған жоқ. Өлі деп ойладық, бірақ ол қозғалып құлағын қозғалтты. Бірақ дауыс бермеді... Түсінікті болды - түтінмен дем алып, бағдарын жоғалтқан. Өлуі мүмкін ақ. Оған орай шаңды дауыл келе жатты, ол оны көтере алмас еді. Үндемей бір-бірімізге қарап, киімшекке орап көлікке апардық. Бөтелкемен су беріп едік – жаны кіріп, айқайға басты. Барлық ұжыммен тыныштыра бастадық»,- сараңдау күлімсіреп бала еліктің құтқару тарихын бөлім командирі азаматтық қорғау старшинасы Дастан Әбілғазин айтып берді.
Алайда жұмыс, ол жұмыс, кішкентай зардап шегушіні «полктың ұлы» деп атап үлгерген жергілікті балагулар оны «вахтовка» автокөлігінде жүретін №5 басқа өрт бөлімінің қамқор қолдарына тапсырған. Кешке таман көзбен 4-5 айдағы елік есін жиып, еркіндікке сұрана бастаған. Ең қызығы оны көліктен шығарған кезде басталды.
«Мен көліктен елікті өз әріптесім – өрт-құтқарушы Қонысбай Омарға бердім, ол оны далаға жіберді. Бірақ елік қайтып келді. Шамасы өзіне деген қамқорлықты сезініп, далада жалғыз қалғысы келмеді»,- деп бұл қызықты оқиғаны бөлім командирі азаматтық қорғау аға сержанты Асхат Жасұланов түсініктеме берді. Және ойлана «Жетім қозы маңырауық»... деп қоса түсті.
Көліктен елікті шығарғанда қандай сезімде болдың деген сұраққа Аслан Жасұланұлы 6 жыл бұрын Баян батыр көшесіндегі петропавлдағы көпқабатты үйдің 9 қабатындағы пәтердің жалынымен көмкерілген терезеден 10 жасар баланы автосаты арқылы қолымен көтеріп түсіргенін есіне алды. Бірақ толығырақ айта қоймады...
Айтпақшы, бұл ТЖ департаментінің жеке құрамымен жануарларды құтқарудың алғашқы жағдайы емес.Расында, өрт сөндіру қызметінің құтқұарушылары мысықтар мен иттерді құтқарумен көбірек айналысты. Олардың тізімінде де елікті құтқару жағдайы болды – ағымдағы жылдың 26 ақпанында құтқарушы Айбол Отарбаев бастаған жедел-құтқару жасағының тобы облыстық орталықтың «Каскад» кооперативінің саяжай учаскесіне жақын жерде қарда бір тәулік бойы жатқан әлсіреп жараланған елікті жануарлар панасына апарған.
Дастан ерекше құтқару тарихын аяқтар кезде, мен одан өрт сөндірушілердің елікке деген қандай тілектері бар деп сұрадым. Осыған қатысқан барлықтары – Данияр Сәрсенов, Аслан Жұсұпов, Руслан Көбетаев, Асхат Жасұланов және Қонысбай Омар,- бала елік күшін жинап өз туыстарын табатынына өте үміттенетіндерін айтты.
СҚО ТЖ Департаментінің
Қоғаммен байланыс тобының
бас маманы Евгений Журавлев
