Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлім туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
белгіленген тәртіппен Департаменттің штат кестесімен айқындалады.
1) бастық;
2) бас маман;
3) аға инженер;
4) аға байланыс шебері
2-тарау. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
Функциялары:
Функциялары:
4) Департамент бөлімлерінде ақпараттандыру және байланыс құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
5) ведомстволық ақпараттық ресурстарға және басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарына қол жеткізудің техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
6) Департамент мәжілістерін техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
7) ТЖ қаупі және туындауы кезінде, сондай-ақ күнделікті қызмет режимінде Департамент бөлімлерінің күштері мен құралдарын басқару үшін байланысты ұйымдастыру бойынша іс-шараларға қатысады.
Функциялары:
1) Департаменттің ақпараттық-телекоммуникациялық ортасының тұтастығын қамтамасыз етеді ;
2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 3) Департаменттің ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымының жай-күйіне, әзірлігіне және тәуекелдерінің болуына талдау жүргізеді; 16) ;
4) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етюді.
Функциялары:
1) халықты құлақтандыру жүйесіне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
2) облыс аумағында халықты құлақтандыру құралдарының есебін жүргізеді;
3) халықты құлақтандыру жүйесін дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
4) халықты құлақтандыру жүйесін жаңғырту бойынша техникалық шешімдер мен ерекшеліктерді әзірлейді;
5) халықты құлақтандыру жүйелерін енгізу мәселелері бойынша Департаметтің аумақтық бөлімлерінің қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді;
6) халықты құлақтандыру бойынша жаттығуларды жоспарлайды және өткізеді;
7) электр дабылдарының (сиреналық-сөйлеу қондырғыларының) және оларды іске қосу жөніндегі тиісті жабдықтардың жарамдылығына жоспарлы техникалық тексерулер жүргізеді.
Функциялары:
1) ұшқышсыз ұшу аппараттары техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
2) облыс аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттары есебін жүргізеді;
3) ұшқышсыз ұшу аппараттары дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
4) ұшқышсыз ұшу аппараттары жаңғырту бойынша техникалық шешімдер мен ерекшеліктерді әзірлейді.
Бөлім өз құзыретінде құқылы:
1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды, анықтамалық және талдамалық материалдарды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Департамент басшылығына бекітуге енгізу;
2) Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімлерінен қызметті ұйымдастыру үшін қажетті мәліметтерді сұрату;
3) өз құзыреті шегінде Департаменттің аумақтық бөлімлеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдарына қатысты ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларды жүзеге асыру;
4) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен және мемлекеттік емес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;
5) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау.
3-тарау. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Департамент басшылығына департаменттің ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімлерінің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді;
3) Департаменттің ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімлерінің лауазымдарына кандидаттарды келіседі;
4) Департамент бастығына Бөлім қызметкерлерін марапаттауға, көтермелеуге және сыйақы беруге ұсынады;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.