Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті
Төтенше жағдайларды жою басқармасының
ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1) Басқарма бастығы;
2) Басқарма бас маманы;
3) Басқарма аға инженері;
4) Басқарма инженері;
5) Басқарма инженері.
құқықтары мен міндеттері
1) төтенше жағдайларды жою бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
2) авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.
1) төтенше жағдайларды жою саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) өз құзыреті шегінде Министрліктің, Департаменттің мемлекеттік, салалық бағдарламаларымен және тұжырымдамаларымен, Стратегиялық жоспарымен, жыл сайынғы Операциялық жұмыс жоспарымен көзделген іс-шараларды іске асыруды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысу;
3) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Департамент басшылығына ұсыныстар енгізу;
4) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жетекшілік ететін бөлімшелердің кеңестеріне қатысу;
5) тексеру және қызметтік тергеу нәтижелері бойынша Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімшелердің қызметіне баға беру;
6) Департаменттің аумақтық бөлімшелері мен авариялық-құтқару қызметтерінің төтенше жағдайларды және олардың зардаптарын жою бойынша жүргізілген іс-шараларды зерделеу үшін шығуларды жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау;
8) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
1) Төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз етеді;
3) төтенше жағдайларды жоюға жедел ден қою мәселелері бойынша шекара маңы ынтымақтастығына қатысады;
4) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлейді;
5) шекара маңы облыстарымен және трансшекаралық мемлекеттермен (облыстарымен) төтенше жағдайларды жою жөніндегі өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлейді;
6) шаруашылық объектілерінің жұмыс істеуінің тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуге қатысады;
7) төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою кезінде азаматтық қорғау күштерін басқару жөнінде ұсыныстар енгізеді;
8) азаматтық қорғау органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысады;
9) төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою саласындағы жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық бірлестіктердің жұмысын үйлестіреді;
10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады
11) жедел-құтқару жасақтарын жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормалары бойынша ұсыныстар енгізеді;
12) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің нысанды киімдері мен арнайы киім-кешектерінің тиістілік нормалары бойынша ұсыныстар енгізеді;
13) табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың және олардың зардаптарының алдын алу және жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы ұсыныстар енгізеді;
14) өз құзыреті шегінде ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асырады;
15) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіреді;
16) азаматтық қорғау саласындағы білімді, халықты және мамандарды оқытуды насихаттауға қатысады;
17) авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуді жүзеге асырады;
18) төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою мәселелері бойынша жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты қамтамасыз етуге қатысады;
19) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою және олардың салдарын бағалау үшін жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдаланады;
20) төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою саласындағы Қазақстан Республикасы құқықтық актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізеді;
21) Министрліктің Алқа отырысына материалдарды, инстанциядағы ақпаратты, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша анықтамаларды, шолуларды дайындауға қатысады;
22) Министрліктің орталық аппараты өткізетін халықаралық оқу-жаттығуларға, Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларға
(«Көктем», «Қыс», «Жер») штабтық жаттығуларға қатысады;
23) «Қазқұтқару» құтқару бөлімшелерінің жиын-семинарларына қатысады;
24) жас құтқарушылар клубтарының (үйірмелерінің) жұмысын ұйымдастырады, облыстық «Жас құтқарушы» слетін өткізеді;
25) Департаменттің Солтүстік Қазақстан облысының терроризмге қарсы жедел штабымен және терроризмге қарсы комиссиясымен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі қызметін ұйымдастырады;
26) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі өткізетін күзет шараларын өткізуге қатысады;
27) құтқару техникасы мен авариялық-құтқару жабдықтарын сатып алу үшін техникалық ерекшеліктерді әзірлеуге қатысады;
28) азаматтық қорғау саласындағы волонтерлік қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;
29) төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою мәселелері бойынша картографиялық материалдар дайындайды;
30) төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою жөніндегі жұмыстарға ден қою және ұйымдастыру кезінде Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне әдістемелік басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
31) Департаменттің аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің жедел-қызметтік қызметін тексеруге қатысады;
32) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Департамент бастығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарма атынан Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға басқарма басшысы, ал ол болмаған жағдайда - оны алмастыратын тұлға қол қояды.
_____________________________