Чемпиондарды қошеметпен қарсы алдық!

2025 жылғы 25-28 ақпан аралығында Астана қаласында өткен өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатында Шымкент қаласының командасы үздік нәтижелер көрсетіп, жеңіспен оралды.
Аталған чемпионатта Шымкент қаласының қыздар командасы жалпы командалық есепте жүлделі 3-орынға ие болды. Жеке жарыстарда да спортшыларымыз жоғары нәтижелер көрсетті:
Салмина Валентина оқу мұнарасының 2-қабатына көтерілу бойынша 1-орынды, 100 метр кедергіден өту бойынша 2-орын иеленді.
Шымкент қаласы ТЖД басшылығы мен жеке құрамы жеңіспен оралған спортшыларды қошеметпен қарсы алды. Бұл жеңістер – құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің тек қызметте ғана емес, спортта да үздік екенін дәлелдейді!
Шымкент қаласы ТЖД командасын жеңісімен құттықтаймыз!