Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Бозымбаев Шымкентке жұмыс сапарымен келді
Іссапар барысында ол Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жұмысымен және «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының өткізілу барысымен танысты.
Кездесу кезінде ТЖД-ның дайындық деңгейі мен материалдық-техникалық базасын тексеру, су тасқынының алдын алу шаралары, сондай-ақ оқу-жаттығудың мақсаттары мен ұйымдастырылуы мәселелері талқыланды.
Премьер-Министрдің орынбасары су тасқыны кезеңіне дайындықты күшейту және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.