Құтқарушы Ермахан

Құтқарушы Ермахан

Қазақстанда азаматтық қорғау жүйесі қызметкерлері кәсіби мерекесінің белгіленгеніне биыл – 29 жыл. 1995 жылы 19 қазан – Құтқарушы күні болып бекітілген болатын. Содан бергі ширек ғасырда Шымкент қаласының құтқарушылар да талай жанға қиын сәтте көмек қолын созып, абыройлы еңбек етіп келеді.

Әрине, дабыл соғылғанда күн демей, түн демей басын қатерге тігіп, тілсіз жауға, түрлі қиын жағдайға қар­сы аттанып бара жататын құтқару­шы топтың әр мүшесі туралы жеке мақала жазса да артық етпейді. Біз төмен­де батырлардың бірі құтқарушы қайсар жанды таныстырмақпыз.

Шымкент қаласы ТЖД №1 МӨСБ-нің бөлімше командирі азаматтық қорғау аға прапорщигі Ескараев Ермахан Сейтканович азаматтық қорғау органында 2005 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Қызмет еткен жылдар арасында өрт сөндірушіден бастап, қазіргі таңда бөлімше командирі лауазымында жұмыс жасайды. Қызмет жолында 1300 аса өрттерді сөндіруге қатысқан. Солардың ішінде жоғарғы өрт рангі бойынша Бекжан және Самал базарларында, Арыс қаласында оқ дәрі қоймасы жарылысында, НПЗ ойыл қоймасындағы өртте, Елтайда су тасқынының салдарын жоюда өзінің кәсібилігін дәлелдеді.

Қазіргі таңда жас қызметкерлерге өз тәжірибесін бөлісіп, өрт сөндіру саласындағы өрт техникалық жарақтарды үйретіп, өртті сөндіру тәсілдерін машықтандырып көрсетуге үлес қосып келеді. Оны әріптестері және жас қызметкерлер үлгі тұтар азамат деп мақтанышпен айтады.

Қызметінде үнемі мақтау естіп жүрсе де Ермахан Сейтканович өзін салмақты ұс­тайды. Жан-жақты қабілетті, адамгер­шілігі мол жанды әріптестері де ерекше құрмет тұтады.

Направления деятельности