Мұнай базасы аумағында практикалық іс-шара өткізілді

Еңбекші ауданындағы" ШымкентМұнайӨнімдері " АҚ аумағында мұнай өнімдерінің төгілуі және 350 м2 алаңдағы жерүсті қоймасында жарылыс болды. Осындай кіріспе бойынша "Қыс-2021" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде практикалық оқу-жаттығулар өткізілді. Аудан аумағында мұнай өнімдерін сақтау орнында болуы мүмкін төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізілді.
Іс-шараға Еңбекші ауданының ТЖ басқармасы, Еңбекші ауданы әкімінің аппараты, "Өрт күзеті және АҚЖ" ММ, Шымкент қаласының полиция департаменті, Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы, Шымкент қаласы бойынша "Апаттар медицинасы орталығы" ММ филиалы қатысты. Жалпы алғанда 8 бірлік техника жұмылдырылды, жеке құрамға 30 адам қатысты. Практикалық іс-шара барысында өрт жедел сөндіріліп, ауыздықталды. Әрбір азаматтық қорғау қызметі тиісті деңгейде жұмыс істеді, оқу-жаттығулар жоғары деңгейде өтті.