Жауын-шашынның салдары жойылды

Жауын-шашынның салдары жойылды

Жауған жауын-шашын салдарын жою бойынша Шымкент қаласы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары  12қарашада  Әл-Фараби, Қаратау аудандарының тұрғындарынан келіп түскен хабарламалары бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізген. Жауған жаңбырдың салдарынан   үйдің аулаларына жаңбыр суы жиналған, арықтан су шығып, үй ауласын су алу қаупі орын алған. Жалпы аулалардан суды шығару жұмыстарына департаменттің 16 қызметкері, 4 техника және 1 мотопомпа жұмылдырылды.Жауын-шашын туралы алдын ала   дауылды алдын алу ескерту таратылған.

Құрметті қала тұрғындары! Алдын ала таратылатын дауылды алдын алу ескертулерге назар аударыңыздар. Сақтық шараларды сақтап, үйдің аулалары алдындағы арық-атыздарды тазалауды ұмытпаңыздар.

Направления деятельности