«Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы


ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде 2026 жылғы 25 ақпан күні сағат 11:00-де қала аумағында электросиреналар мен сиреналық-сөйлеу құрылғыларын қосу арқылы «Баршаның назарына!» дабылы берілетінін хабарлайды.
Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарынан оқу-жаттығу аясында қосылатын дабылға түсіністікпен қарап, сабыр сақтауды және дүрбелеңге бой алдырмауды сұраймыз.
Басталу уақыты
24 ақпан 2026
Соңғы күні
27 ақпан 2026
Өткізу орны
Шымкент
Оқиға түрі
Оқу-жаттығу