Меню

Страницы

Статья

В Шымкенте проводится системная профилактика пожаров в отопительный период

Шымкент қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Р. Ордабек пен қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары М. Абдинуровтың қатысуымен брифинг өтті.

Брифинг барысында 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымында қалада өрттердің және көмірқышқыл газымен улану жағдайларының алдын алуға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Жылыту маусымы басталғалы бері 62 589 тұрғын үй тексерілді, оның ішінде әлеуметтік осал санаттағы 1 073 отбасы бар. Профилактикалық іс-шаралар аясында 148 385 тұрғынға өрт қауіпсіздігі талаптары мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілді. Әлеуметтік осал топтарға қатысты мекенжайлық профилактикалық жұмыс ұйымдастырылды.

Тексеру барысында мамандар газ қазандықтары мен су жылытқыштарын қауіпсіз пайдалануына, сондай-ақ түтін мұржалары мен желдету арналарының жай-күйіне бақылау жүргізді. Нәтижесінде көмірқышқыл газымен улану қаупін дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретін 123 газталдағыш орнатылып, 55 тұрғын үйдің түтін мұржалары тазартылды. Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда жауапты қызметтермен бірлескен шаралар қабылдануда.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да белсенді түрде жүргізілуде. Бұқаралық ақпарат құралдарында 293 материал жарияланып, қала микроаудандарында дауыс күшейткіш байланыс арқылы 370 рет үгіт-насихат жұмыстары өткізілді. Сонымен қатар департамент пен жергілікті атқарушы органдардың ресми аккаунттарында 130 ақпараттық материал орналастырылды.

Балалар мен жасөспірімдер арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылуда. Білім беру ұйымдарында 4 980 оқушыны қамтыған 103 интерактивті және ашық сабақ өткізілді, сондай-ақ 819 оқушының қатысуымен өрт сөндіру бөлімшелеріне 37 экскурсия ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында 200-ге жуық баланы қамтыған театрландырылған қойылым өтті. Халықтың хабардарлық деңгейін арттыру мақсатында тұрғындар, педагогтар және ата-аналар арасында WhatsApp чаттары арқылы таратылған 12 оқыту бейнеролигі дайындалды.

Қабылданған профилактикалық шаралар оң нәтиже беруде: қаладағы өрт саны 39 пайызға азайды. Өрт салдарынан қаза тапқандар саны екі есеге, ал зардап шеккендер саны төрт есеге қысқарды.

Сонымен қатар брифингке қатысушылар жылыту маусымында газ жабдықтары мен жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт және газ қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.

 
Дата публикации
10 февраля 2026
Дата обновления
10 февраля 2026
Тип
Пресс-релизы

Сейчас читают

Информация
30 апреля 2026
Штормовое предупреждение
Информация
27 апреля 2026
Штормовое предупреждение
Информация
24 апреля 2026
Штормовое предупреждение

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы