Қауіпсіздік сенен басталады!

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірлесіп "Жол бер" акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты қызметтік автокөлік құралдарындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, сондай-ақ шамдары қосылған арнайы автокөлік құралдарына жол бермейтін жүргізушілерді анықтауға бағытталды.
Іс-шараның нәтижесі бойынша екі көлік құралының жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында Павлодар облысының ТЖД жүргізушілерінен жарық және дыбыстық сигналдары қосылған арнайы автокөлік құралдарына жол беруді сұрайды.