Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері "ОРМАН"профилактикалық іс-шарасын өткізді

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері "ОРМАН"профилактикалық іс-шарасын өткізді

2024 жылғы 8-14 шілде аралығында "ОРМАН" Республикалық профилактикалық іс-шаралары өткізіледі, оның мақсаты ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуының алдын алу болып табылады.

Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері Павлодар облысында азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері мен жергілікті атқарушы органдар қатарынан 203 адамнан тұратын 49 бірлескен мобильді топ құрылды.

8 маусымнан бастап "ОРМАН" профилактикалық іс-шаралары барысында облыс аумағында рейдтік іс-шаралар өткізіліп, онда өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері түсіндірілді. Қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалады.

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары, өрт қауіпсіздігінің негізгі шараларын сақтауларыңызды сұраймыз. ТЖ туындаған кезде  101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.