ТЖ жөніндегі комиссия отырысындағы өзекті мәселелер

ТЖ жөніндегі комиссия отырысындағы өзекті мәселелер

Ағымдағы жылдың 13 маусымында облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Б.Батырғұжиновтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның жоспарлы отырысы өткізілді, онда қысқы және су тасқыны кезеңінің қорытындылары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің 2024 жылғы шомылу маусымына дайындығы және халықтың жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуі өзекті мәселелері қаралды.

Тақырыптардың өзектілігіне сүйене отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерін 2024 жылғы шомылу маусымына дайындау мәселесіне ерекше назар аударылды.

ТЖ Департаменті бастығының орынбасары Р.Е.Валишанов судағы төтенше жағдайлардың туындау қаупінің артуы туралы, «Жаз-2024» шомылу маусымында адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралардың кешенді жоспарын» іске асыру туралы хабардар етті.

2024 жылғы су тасқыны қауіпті кезеңнен өту қорытындылары туралы ТЖ Департаменті бастығының міндетін атқарушы Қ.З.Шаймарденов баяндады, баяндама барысында отырысқа қатысушыларға жедел жағдайдың күрделенуі бойынша себеп-салдарлық байланыс жеткізілді және бірқатар проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары көрсетілді.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Е.Б.Иманзаипов халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін объектілер бойынша 2023-2024 жылдардағы қысқы кезеңнің қорытындыларын жеткізді. Жалпы облыста жылыту кезеңі штаттық режимде өтті, жылыту маусымы бойы облыстың энергия көздерінде негізгі жабдықтың қажетті құрамы қамтамасыз етілді және станциялар қолданыстағы температуралық кестелерге сәйкес қажетті жүктемені көтерді.

Отырыс қорытындысы бойынша басқарма мен ұйым басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді, олар: облыстың тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін 2024-2025 ж.ж. қысқы кезеңнің қауіпсіз өтуіне тиісінше дайындау, жазғы-күзгі кезеңде елді мекендерді инженерлік қорғау жөніндегі іс-шараларды алдын ала өткізу, су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларына сәйкес қажетті инфрақұрылым мен қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, су айдындарының бойында орналасқан елді мекендер шегінде қосымша коммуналдық жағажайларды құру.

Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы