Павлодарда ағаш кесумен айналысқан үш жұмысшыны электр тогы соқты

Павлодарда, Усолка шағын ауданында, "Вектор" аялдамасының жанында ағаштарды кесу жұмыстары кезінде манипулятордың көтергіші құлаған, ішінде адамдар болған.
112 пультіне қоңырау сағат 09:28- түсті. Оқиға орнына 4 құтқарушы, Апаттар медицинасы орталығынан 4 қызметкер, 102 және 103 қызмет қызметкерлері келді.
Ағаштарды кесу жұмыстарын жүргізу кезінде манипулятордың бесігі электр желілеріне тиіп, нәтижесінде үш адам электр тогына жарақат алып ауруханаға жатқызылды.
Қоғаммен байланыс тобы
Қызмет бағыты