Мұз өткелдерін тік ұшақпен айналып өту

Мұз өткелдерін тік ұшақпен айналып өту

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, 2022 жылғы 4 ақпанда ТЖД қызметкерлері ЕС-145 тікұшағымен Ертіс өзеніндегі мұз өткелдерін айналып өтті. Қазіргі уақытта облыс бойынша 8 мұз өткелі ресми түрде ашылды: Аққулы ауданының Ямышев ауылы, Май ауданының Баскөл және Көктөбе ауылдары, Тереңкөл ауданының Песчаное, Қарасук, Тереңкөл, Береговое және Жаңабет ауылдары.  

Ертіс өзені бойынша мұздың қалыңдығы орта есеппен 50-ден 70 сантиметрге дейін құрайды, ескерту белгілері қойылған, өткелдердегі қозғалыс маршруттары және мұз өткелін пайдалануға жауапты тұлғаларды және байланыс деректерін көрсете отырып, жұмыс уақыты белгіленген, сондай-ақ мұз өткелдері құтқару арнайы белгілермен жабдықталған.

ТЖД мұз өткелдері бойынша қозғалу ережелерін еске салады:

  1. Мұзға баяу, тежеусіз, жылдамдығы 10 км/сағ аспайтын жылдамдықпен жүру керек;
  2. Мұзға шығар алдында қауіпсіздік белдіктерін шешу қажет;
  3. Мұз өткелінде тоқтауға, жұлуға, бұрылуға, автомобильдерді басып озуға және оларға жанармай құюға тыйым салынады;
  4. Мұздың жүк көтергіштігінен асатын жүктемелерге жол беруге болмайды;
  5. Көріну нашар болған кезде (тұман немесе боран) көлік құралдарының қозғалысын жүзеге асыру ұсынылмайды.

Павлодар облысы ТЖД

Төтенше жағдайларды жою басқармасы