Шекара маңындағы аумақтардағы трансшекаралық оқу-жаттығулар

Шекара маңындағы аумақтардағы трансшекаралық оқу-жаттығулар

Орманды алқаптар демалыс күндері адамдарды демалуға ерекше баулиды. Көбінесе адами факторлардың кесірінен, ірі орман өрттері болып жатады. Өрт тілсіз жау болғандықтан барлық ландшафты жояды. Осы себепті, Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментің күштері мен құралдары шығыс Қазақстан облысында өткізілген ауқымды трансшекаралық оқу-жаттығуларына қатысты. Оқу-жаттығулардың мақсаты - шекаралас аумақтарда ірі орман және дала өрттерін уақытылы жою болып табылды.

Өртті жоюға бақылау және кординациялау бойынша ШҚО, ТЖМ дағдарыс орталықтарына  онлайн транслация ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығулардың өткізілген орны  «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің Морозов филиалы Полян орманшылығының 164 орамының аумағындағы ауданы 30 507 Га, оның ішінде орманмен жабылған – 26 748 Га орманды дала учаскесі болып таңдалды.

Осындай қиын жағдайларда ШҚ және Павлодар облыстарының ТЖ департаменттерінің күштері мен құралдарының,  дайындығы пысықталды. Ол жерде, Өскемен және Нұр-Сұлтан қалаларынан қосымша 2 телефон желісі, 1 сымсыз қалалық желісі, интернет және электрондық пошта қосылды, жедел радиобайланыстары толығымен жабдықталды, сонымен қатар әуе кемелерімен радиобайланыстар қамтамасыз етілді. «Семей Орманы», «Ертіс орманы», «ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімі» РММ қызметкерлерімен, жергілікті атқарушы органдармен және ақпарат алмасу, сондай-ақ оқу-жаттығу орнында күштер мен құралдарды маневрлеу бойынша өзара іс-қимыл пысықталды.

Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін Бесқарағай ауданы Семей Орманы «МОТР» РММ Морозов орман шаруашылығының 116, 117 кварталдарында болған нақты өртті сөндіру дағдылары пайдаланылды.

Барлығы шартты өртті сөндіруге 55 адам және 164 бірлік техника, сонымен қоса МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Оның ішінде Павлодар облысынан жеке құамнан 11 адам және 3 бірлік техника қатысты. 

Павлодар облысы ТЖД