Есепке алды

Павлодар облысы Төтенше жағдай Департаментінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу шеңберінде тұрғындардың әлеуметтік осал топтары санатына жататын екі мың отбасыны есепке алды. Бұл туралы департамент бастығы Ернұр Өтегенов Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конференциясында айтып берді.
Тамыздың ортасынан бастап Павлодар облысының аумағында жеке тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алуға бағытталған өрт қауіпсіздігі айлығы өтіп жатыр. Айлық екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезең тамыздың 15-нен қыркүйектің 15-не дейін болса, екінші кезең 15-ші қазанға дейін өткізіледі.
- Халықтың әлеуметтік осал топтары департаменттің ерекше бақылауында, - деді Ернұр Өтегенов. - Биылғы жылы екі мың отбасы есепке алынып, олар айлық аясында алғашқы тексеру кезінде ескертулерді жоюды анықтау үшін қайта қараумен бірге толық қамтылды.
Спикер соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша демеушілер есебінен зейнеткерлер мен көп балалы отбасылар тұратын үйлерге 480 улы газды анықтау датчигі орнатылып, 198 үйдің түтін мұржасы тазаланғанын атап өтті. Бұл жұмыстар Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының 25-жылдығына арналған «25 ізгі іс» акциясы шеңберінде ұйымдастырылып жатыр. Атап өту керек, Павлодар қаласы Төтенше жағдай басқармасының қызметкерлері Ленин кентінде тұратын 25 аз қамтылған отабсының үйлеріне пеш алдына қоятын темір қаңылтырларды сыйлап, оларды орнатып берді.
Ернұр Өтегенов өрт қауіпсізідігі ережелерінің қарапайым талаптарын сақатмау салдарынан адам өліміне әкеп соғатын өрттердің болатынын атап өтті.
- 22-ші қыркүйек күні Аққулы ауданының Бесқарағай ауылында өрт оқиғасы орын алып, салдарына 1973 жылы туған азаматша қайтыс болды, - деді спикер. - Өрттің шығуына мас күйінде шылым шегу себеп болуы мүмкін. Өрт сөндірушілер оқиға орнында мас күйде болған 1972 жылы туған ер адамды құтқарды. Сондай-ақ, құтқарушылар өрт шыққан үйден сыйымдылығы 27 литрді құрайтын газ баллонын эвакуациялап, жарылыстың алдын алды.
Ернұр Өтегенов аймақ тұрғындарына жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, түтін мұржаларын тазалау және пештерді пайдалану кезінде бұзушылықтарға жол бермеуді ескертті.