Найзағай - ағыны тез, толқыны қатты және өте қауіпті атмосфералық құбылыс. Оның тоқтату мүмкін емес. Найзағай салдарынан болуы мүмкін жазатайым оқиғаға тап болмас үшін сақтану ережелерінің талаптарын орындаған жөн.
Нөсер жауында сақталынатын ережелер:
- мүмкіндігіңізше үйден шықпаңыз немесе паналауға лайықты жерде отырыңыз;
- жеке қорғану құралдарын пайдаланыңыз, қол шатыр, резеңке етік, плащ сияқты;
- көлікпен қатынасқан жағдайда сақ болыңыз алдыңыздағы жол учаскелерін мұқият тексеріп алыңыз, өйткені жауын су салдарынан сумен шайылып кетуі мүмкін;
- егер нөсер кезінде автокөлікпен келе жатсаңыз жолдың жиегіне тоқтап жауын басылғанын күтіңіз ;
- жарнама ілінген қалқаншаның және нашар бекітілген құрылғылардың жанынан оқшауланыңыз.
Пәтерде,үйде немесе ғимаратта болсаңыз:
- үйде бар барлық электр құрылғыларды сөндіріңіз.
- ашық есік, терезе жанында тұрмаңыз, сондай-ақ су жүретін крандарға жоламаңыз. Найзағай кірмес үшін бөлмедегі есік жабық болу қажет.
- далада, саябақ аймағында жүрген кезде биік өскен ағаштарға тығылуға болмайды ол жерден (30-40 метр) жерге алшақтаған жөн. Найзағайдың ағаштың биіктігіне тура пропорциалы болғандықтан, нақты ағашқа түсетіні ықтималды. Егер жақын жерде бұрын найзағай соққан ағаштар болса, онда қауіп арта түседі.
- қалада мүмкіндігіңізше тез арада дүкенге немесе тұрғын үйге тығылған дұрыс, ол жерлерде найзағайдан қорғануға сенімді боласыз, аялдамаға, қоғамдық көліктерге қарағанда. Егер ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, жауын біткенше тұра тұру керек, немесе қысқа өскен талдардың астында тізе бүгіп отырыңыз .
- суға шомылуды балық аулау әуесқойларына күн бұлттана бастаған кезден-ақ ол әуесқойлықты тоқтатып қана қоймай, су қоймасынан алшақтау қажет.
Машинада:
- қозғалысты тоқтатыңыз, жазық далада немесе биік жерде тұрмаңыз, жауын біткенше автокөлік ішінде болыңыз, жауын-шашын кезінде автокөлікке жанар-жағар май құймаңыз. Автокөлік арасында немесе автокөлік кузовында, темір заттарда отырмаңыз, машинаның астына тығылмаңыз, қолыңызға темір зат ұстамаңыз.
Суда: жауын-шашын кезінде суға шомылмаңыз, су қоймасынан алыс болыңыз, қайықпен жүзбеңіз, балық ауламаңыз .
- Жауын-шашын кезінде ұялы телефоныңызды сөндірген жөн.
Осы қарапайым ережелерді білу және сақтаудың арқасында Сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірлеріне, денсаулықтарына болуы мүмкін қауіпті жағдайдың алдын аласыз.
М. Хамитова
Екібастұз қаласы
ТЖ басқармасы зілзалалардың
қауіп-қатерін азайту және азаматтық
қорғау саласындағы бақылау
тобының бас маманы