Аманкешұлы Дастан Аманкешұлы
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары
Жалпы ақпарат, білімі
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Дастан Аманкешұлы.
1984 жылғы 27 қазанда Ақмола облысында дүниеге келген.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын үздік дипломмен, 2008 жылы Көкшетау университетін тәмамдаған. 2012 жылы Академияның магистратурасын, 2018 жылы Мәскеу қаласындағы Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі академиясының адъюнктурасын үздік аяқтаған.
Техника ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор.
Мансап
Еңбек жолын 2002 жылғы тамызда Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуден бастаған.
2006–2008 жылдары Ақмола гарнизонында инженер және аға анықтаушы лауазымдарында қызмет атқарған.
2008–2020 жылдары Көкшетау техникалық институтында оқу өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, курс бастығының орынбасары, жедел-тактикалық пәндер кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы және доценті лауазымдарында қызмет атқарған.
2020 жылғы қарашадан 2021 жылғы наурызға дейін Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр саясаты басқармасында бас маман болған.
2021 жылғы наурыздан бастап Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайларды жою бөлімін, ал 2023 жылғы қыркүйектен бастап Төтенше жағдайларды жою басқармасын басқарған.
2025 жылғы желтоқсаннан бастап Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жоспарлау және жедел басқару орталығының бастығы лауазымында қызмет атқарған.
Ғылыми қызметі мен жетістіктері
60-тан астам ғылыми мақаланың, алты оқу құралының және екі монографияның авторы. Электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламаларды мемлекеттік тіркеу туралы үш куәлігі бар.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтының үздік оқытушысы атанған. «Қазақстанның жыл мұғалімі — 2019» республикалық байқауының жеңімпазы.