Тылдық қамтамасыз ету тобы
Функциялар:
1) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын);
2) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын бақылау;
3) жанар-жағармай материалдарын сатып алуды бақылау мекеменің жылыту маусымына дайындығы жағдайында әкімшілік ғимараттар мен тұрғын емес үй-жайлардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін;
4) бөлінген қаражат негізінде ұсыныстар әзірлеу Департаментті материалдық-техникалық жабдықтауға мемлекеттік бюджет қаражатын пайдалану бойынша.
5) конкурстық құжаттаманы, оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарына сәйкестігіне техникалық ерекшелікті әзірлеуге қатысу.
- Міндеті: материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментініңь негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру мәселелерін қарау және келісу;
2) активтерді баланстан Мемлекеттік мекемелердің балансына ауыстыруды келісуді жолдау, сондай-ақ көлік құралдарын аукциондық сауда-саттық арқылы сату мәселесін Министрлікке келісу;
3) ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау, қолдану, орналастыру, ауыстыру және жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
4) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды (тиістілік және жабдықтау нормалары) әзірлеуге қатысу;
5) құжаттарды министрліктің Техникалық-сараптамалық кеңесінің қарауына дайындау, Департаменттің мүдделі қызметтерімен келісу және Министрлікке ақпарат жолдау.
- Міндеті:
Азаматтық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттары мен құрылыстарын салу, күрделі жөңдеуді ұйымдастыру.
Функциялары:
1) құзыретті орталық мемлекеттік атқарушы органдармен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге ақша қаражатын бөлу мәселесін пысықтауға қатысу, жобалауға арналған тапсырмаларды қарайды және әзірленген жобалау-сметалық құжаттаманы келіседі;
2) Департаменттің азаматтық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттары мен құрылыстарына құрылыс салуды, күрделі жөндеу жүргізуді ұйымдастыру;
3) құрылыс объектілерінде стандарттар мен құрылыс нормаларының сақталуын бақылауды ұйымдастыру, Департаменттің азаматтық қорғау органдарының объектілерінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу сапасын қамтамасыз ету, құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс комиссияларына қатысу.
- Құқықтары мен міндеттері:
1)тылдық қамтамасыз ету саласындағы қызметті ұйымдастыру үшін қажетті мәліметтерді Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен сұратады;
2) топтың құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтық қорғау органдарының тылдық бөлімшелерінің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді және Департамент басшылығына енгізеді;
3) топтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
4) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен ұштасатын әрекеттерге жол бермейді;
5) соблюдает государственную, трудовую и служебную дисциплину, добросовестно и качественно исполнять свои должностные обязанности;
6) мемлекеттік, еңбек және қызметтік тәртіпті сақтайды, өзінің лауазымдық міндеттерін адал және сапалы орындайды;
7) қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтайды;
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермейді, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұрады.
- Өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Топ қызметін ұйымдастыру